Республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында мектебіміздің 11 оқушысына «Жалпыға міндетті білім беру» қорының бюджеттік қаражаты есебінен материалдық көмек көрсетілді. Бұл көмек көп балалы және отбасыда қамқорлыққа алынған балаларға киім (мектеп формасы), аяқ киім, кеңсе тауарларын сатып алу үшін. Көрсетілген материалдық көмектің жалпы сомасы 477 477 теңгені құрады.