Бүгін 5 қыркүйек күні мектебімізде жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті. Жиынның барысында бүгінгі күннің өзекті мәселелері қозғалды. Мектеп директоры Закирина А.М. 2024-2025 оқу жылында оқу іс-шараларын ұйымдастыру және қауіпсіздік шараларын сақтау мәселелеріне тоқталды. Ол ата-аналарды оқу орнының жұмыс тәртібімен таныстырып, оқушылардың және олардың ата-аналарының (заңды өкілдерінің) құқықтары мен міндеттерін, оқушылардың мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтауын еске салды. Кездесу барысында ата-аналар өздерін қызықтыратын тақырыптар бойынша түрлі сұрақтар қоюға мүмкіндік алды. Ата-аналар мен мектеп ынтымақтастығы үшін ата-аналар комитеті таңдалды.
Жаңа оқу жылының алғашқы кездесуі өтіп, жағымды әсер қалдырды. Балаларды оқыту, дамыту, тәрбиелеу мәселелерінің барлығы да ата-аналармен тығыз қарым-қатынаста, мейірімді және оң шешімін табады деп сенеміз.