«Жасөспірімдердің ұйқысы: оқу мен мінез-құлыққа әсері» тақырыбында орта мектеп оқушыларының ата-аналарына арналған АПҚО сабағы

#Біртұтас_тәрбие

26 қыркүйек күні «Рублевка орта мектебі» КММ-де орта мектеп оқушыларының ата-аналарына арналған «Жасөспірімдердің ұйқысы: оқу мен мінез-құлыққа әсері» тақырыбында АПҚО сабағы өтті.

Мақсаты: ата-аналарда жасөспірімдердің физикалық және психикалық денсаулығын сақтау факторы ретінде ұйқыға деген құндылық көзқарасты дамыту.

Міндеттері:

  • жасөспірімдердің ұйқысының сапасын жақсарту үшін қолайлы жағдай жасауға ұмтылуды дамыту;
  • жасөспірім балалардың танымдық белсенділігі мен мінез-құлқына ұйқының әсері туралы хабардар болуға ықпал ету;
  • балалардың ұйқы сапасын жақсартуға көмектесетін практикалық дағдыларды дамыту.

Сабақ барысында ата-аналар жасөспірімдерге тән ұйқының ерекшеліктері, оның циклдері және физиологиялық процестері туралы ақпарат алды. Ата-аналармен «Ұйқы туралы мифтер мен ақиқат» интерактивті ойыны ойналды, онда ата-аналар мұғалім айтқан тезистерді талқылады.

Қосымша ақпарат көздері