Тексеру күні: 22.10.2024 жыл
Тексеру мақсаты: Оқушыларға ыстық тамақ ұйымдастыру, мектеп асханасының жұмысы және санитарлық жағдайын тексеру.
«Рублевка ОМ» КММ-де 2024 жылдың 2 қыркүйегінен бастап №60 бұйрыққа сәйкес 1-4 сынып оқушыларына ыстық тамақ ИП «Хамзин» қаржысы және өнімдері есебінен, 0, 5-11 сынып оқушыларына КТ «Зенченко и К» қаржысы және өнімдері есебінен ұйымдастырылды.
Мектеп директорының міндетін атқарушы қол қойған бұйрықтар:
- Оқушыларға ыстық тамақ ұйымдастыру туралы;
- Оқушылардың тамақтану сапасын бақылау комиссиясын құру туралы;
- Асханада әкімшіліктің кезекшілік кестесін бекіту;
- Оқушылардың асханада тамақтану кестесін бекіту.
Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, мәзірде тағамдардың порция салмағы, олардың тағамдық және энергетикалық құндылығы, күнделікті қажетті витаминдер мөлшері бойынша санитарлық талаптар сақталған. Дайын тағамдар өндірісі технологиялық талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. Күн сайын асханада мәзір ілінеді, онда тағам көлемі мен аспаздық өнім атаулары көрсетіледі. Барлық алынған өнімдердің сәйкестік сертификаттары бар.
Технологиялық процестің сақталуын бақылау мақсатында дайындалған әр партиядан тәуліктік сынама алынады. Тәуліктік сынаманы мектеп медбикесі Ильясова А.Б. алады, ол сондай-ақ азық-түліктің сапасын, тағамдардың дұрыс салынуын және дайын тағамды бақылайды.
Су ішу режимін ұйымдастыру талаптары орындалады, асханада салқындатқыштар орнатылған. Балалардың тамағына тыйым салынған өнімдер қолданылмайды. Балалардың тамақтану кезінде сынып жетекшісінің қатысуы міндетті.
Асхана жеткілікті мөлшерде ыдыс-аяқпен және құралдармен қамтамасыз етілген. Ыдыстарды жуу және дезинфекциялау ережелеріне сәйкес сақтау шкафтары бар. Тамақтану залын жинау әр тамақтан кейін жүзеге асырылады. Тамақтану үстелдерін арнайы бөлінген шүберекпен жуғыш заттарды қосып жуады, тазалау және қолданылған шүберекке арналған таңбаланған ыдыстарды пайдаланады. Жуғыш және дезинфекциялық заттар оқушыларға қолжетімсіз арнайы орындарда, азық-түліктерден бөлек сақталады.
Қол жууға арналған раковиналар орнатылған. Жұмысшылар арнайы санитарлық киіммен (халат, бас киім, жеңіл жұмыс аяқ киім) қамтамасыз етілген. Жұмысқа қажетті кәсіби біліктілігі бар, белгіленген тәртіп бойынша мерзімді медициналық тексеруден өткен адамдар ғана жіберіледі.
Қорытынды:
- Тамақтануды ұйымдастыру жұмысын қанағаттанарлық деп есептеу;
- Барлық сыныптарда тамақтануды ұйымдастырудың жақсы деңгейін атап өту.
Ұсынымдар:
Кезекші әкімші күн сайын келесі мәселелер бойынша бақылау жүргізсін:
- оқушыларды сынып жетекшілерінің асханаға алып баруын;
- тамақтану кезіндегі тәртіп мәдениетін;
- асхананың санитарлық жағдайын;
- оқушылардың санитарлық-гигиеналық және тамақтану нормаларының сақталуын.