«Әнұран айту» челленджі

Біздің мектепте «Әнұран айту» челленджі өтті

Әнұран – елдің ең маңызды рәміздерінің бірі. Мемлекеттік әнұранның ерекше рухани мәні бар. Әнұран арқылы қазақ даласы әрбір қазақстандықтың өсуі мен қалыптасуының қасиетті бесігі ретінде жырланады.

Әнұранды орындау – елге, жерге және халыққа деген мақтаныш сезімін оятып, әрбір қазақстандықтың рухын көтеретін маңызды дыбыстық рәміз. Әнұранды орындау ең алдымен қазақстандық патриотизмді, азаматтықты қалыптастырады және әрбір азаматтың дамуындағы басым бағыттардың бірі болып табылады. Шынында да, мемлекеттік рәміздің әрбір элементінің терең мәні бар. Барлық білім беру мекемелерінде оқушылар әнұранның сөздерін жақсы біліп, оны орындай алуы қажет.

Мақсаты:

Оқушылар арасында патриоттық сезімді және азаматтық сананы қалыптастыруға үлес қосу.

Міндеттері:

  • барлық білім беру мекемелерінде әнұран мәтінін жаттау;
  • еліміздің мемлекеттік рәміздеріне құрмет сезімін қалыптастыруға ықпал ету;
  • оқушылардың бірлігі арқылы Отанға деген мақтаныш сезімін ояту.

Соңғы мерзім: 23.10.2024
Тексеру уақыты: 12:00

Білім беру ұйымының қабырғасында музыкамен және оқушылар мен мұғалімдердің тірі дауыста орындауымен Мемлекеттік әнұран орындалды.

Қатысушылар: Жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары мен мұғалімдері.

#біртұтас_тәрбие
#әнұран_айту
#9ай_9іс-шара

Қосымша ақпарат көздері