«Үйден тыс тамақтану» тақырыбында АПҚО сабағы

24 қазанда «Рублевка ОМ» КММ-де жоғарғы сынып оқушыларының ата-аналары үшін «Үйден тыс тамақтану» тақырыбында АПҚО сабағы өткізілді.

Мақсаты: Баланың салауатты өмір салтын қамтамасыз ету шарты ретінде ата-аналардың теңгерімді тамақтану мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету.

Міндеттері:

  1. Баланың шешім қабылдау дағдысын дамыту.
  2. Фастфудты экологиялық (психологиялық қауіпсіз) әдістермен алмастыру.
  3. Дұрыс тамақтануды қолдау: себептері мен шешімдері.
  4. Үйде және үйден тыс жерде дұрыс тамақтануға арналған практикалық кеңестер мен қадамдар.

Күтілетін нәтижелер

Ата-аналар:

  • балаларға дұрыс тамақтануды қамтамасыз етуге ынталанады;
  • теңгерімді тамақтанудың маңызы мен оның баланың денсаулығына әсері туралы маңызды ақпарат алады;
  • отбасында дұрыс тамақтануды ұйымдастырудың негізгі дағдыларын меңгереді.

#Біртұтас_тәрбие

#АПҚО

Қосымша ақпарат көздері