«Қоғамдық тәртіп негіздері» тақырыбындағы пікірталас практикумы

«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жоспарына сай «Қоғамдық тәртіп негіздері» тақырыбында пікірталас практикумы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға қоғамдық тәртіптің маңыздылығын және оны сақтау үшін әр адамның жеке жауапкершілігін түсіндіру.
Практикум аясында қатысушылар келесі маңызды сұрақтарды талқылады:

  • «Құқық бұзушылыққа нөлдік төзімділік» дегеніміз не және қоғамның тәртіпсіздікке көз жұмбау мәдениетін қалыптастыру неге маңызды?
  • Сыбайлас жемқорлық қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді қалай бұзады және әрқайсымыз бұл құбылыспен күресу үшін не істей аламыз?
  • Сыбайлас жемқорлықсыз мемлекет қандай болмақ?

Практикум әрқайсымыздан басталатын өзгерістерді түсінуге маңызды қадам болды.

Қосымша ақпарат көздері