«Қыран елім – Қазақстан» көрмесі

«Рублевка орта мектебі» КММ-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттау және қолдану мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Солардың бірі – «Қыран елім – Қазақстан» тақырыптық көрмесі.

📌 Бұл көрмеде оқушылар еліміздің тарихы, мемлекеттік рәміздерінің маңызы және олардың тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы рөлі туралы мәліметтермен танысты. Сонымен қатар, балалар рәміздердің мән-мағынасын зерттеп, олардың әрбір элементінің терең мағынасы бар екенін түсінді.

Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің егемендігіміздің, бірлігіміздің және ұлттық құндылықтарымыздың белгісі! Біз жас ұрпақты өз Отанын мақтан тұтуға және мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге үйретеміз!

Қосымша ақпарат көздері