2024 жылдың қыркүйек айына ыстық тамақты ұйымдастыруды тексеру қорытындысы

«Рублевка ОМ» КММ-де ыстық тамақтың ұйымдастырылуын тексеру жүргізілді. Комиссия мүшелері асхананың жұмыс жағдайын, өнімдердің сапасын және санитарлық нормалардың сақталуын бағалады. Тексеру барысында ешқандай бұзушылық анықталған жоқ, дайындалған тағамдардың сапасы талаптарға сай деп танылды.

Мектепте санитарлық нормаларға сәйкес екі апталық ас мәзірі қолданылады. Оқушыларға ыңғайлы болу үшін асханада әкімшілік кезекшілігі ұйымдастырылған, ал кіреберісте санитарлық-гигиеналық аймақ жұмыс істейді. Ас мәзірі күн сайын асханаға бірінші сабаққа дейін ілінеді.

Мониторинг жүргізу комиссиясының актісі ЖҮКТЕУ

Хаттамасы ЖҮКТЕУ

Анықтамасы ЖҮКТЕУ

Қосымша ақпарат көздері