Мектепте құқықтық тәрбие беру мақсатында «Кәмелетке толмағандардың өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілігі» тақырыбында танымдық әңгіме өтті.
🔹 Іс-шара барысында оқушыларға кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері, олардың құқықтық жауапкершілігі туралы түсініктеме берілді.
🔹 Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жасөспірімдердің әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі қарастырылды.
🔹 Әңгіме барысында өмірлік мысалдар келтіріліп, құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары түсіндірілді.
Құқықтық сауаттылық – әрбір азаматтың маңызды қасиеті. Сондықтан мұндай іс-шаралар оқушылардың заңға деген құрметін қалыптастыруға ықпал етеді.
