Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында түнгі рейд өткізілді!
Рублевка аумағында КГУ «Рублевская орта мектебі» өкілдері 23:00-ден кейін «Түнгі ауылдағы балалар» рейдін ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдердің түнгі уақытта заңсыз жүріп-тұруын анықтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және ата-аналардың жауапкершілігін арттыру.
Рейд барысында қоғамдық орындарда заңды өкілінсіз жүрген кәмелетке толмағандар анықталып, оларға ескерту жасалды. Ата-аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Еске саламыз! ҚР заңнамасына сәйкес, кәмелетке толмаған балалардың 22:00-ден кейін үлкендердің қарауынсыз көшеде жүруіне тыйым салынады.
Біздің мақсатымыз – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтық мәдениетті қалыптастыру.

