Кәмелетке толмаған қыз балалардың жыныстық тәрбиесі және олардың денсаулығын қорғау мәселелері әрдайым өзекті болып табылады. Осы мақсатта аға тәлімгер жетекшілігімен «Қыздар арасында» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу, гигиеналық мәдениетті қалыптастыру, өзін-өзі құрметтеу және жауапкершілік мәселелері талқыланды. Мектептің медицина қызметкерлері мен мұғалімдері қыздарға қажетті ақпарат беріп, өз денсаулығын сақтау мен қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастырудың маңыздылығын түсіндірді.
Дөңгелек үстел сұхбат түрінде өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасты. Осындай кездесулер оқушылардың саналы таңдау жасауына және өз болашағына жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді.
