Үзіліс кезіндегі шахмат ойындары

«Рублевка орта мектебі» КММ-де оқушылардың ойлау қабілетін дамыту және уақытты тиімді өткізу мақсатында үзіліс кезінде шахмат ойындары ұйымдастырылуда.

Шахмат – логикалық ойлауды дамытатын, стратегиялық шешім қабылдауға үйрететін интеллектуалдық ойын. Үзіліс кезінде оқушылар бір-бірімен сайысқа түсіп, жаңа комбинацияларды үйреніп, өз шеберліктерін шыңдайды.

Мектеп әкімшілігі шахмат ойынына қызығушылық танытқан барлық оқушыларды қатысуға шақырады. Мұндай бастама оқушылардың есте сақтау қабілетін арттырып, зияткерлік дамуына оң әсер етеді.

Қосымша ақпарат көздері