«Рублевка орта мектебі» КММ мектеп парламентінің ұйымдастыруымен «Жастар салауатты өмір салтын таңдайды» атты акция өтті. Іс-шараның басты мақсаты – оқушылар арасында дұрыс тамақтану, дене белсенділігі және зиянды әдеттерден аулақ болу туралы ақпарат тарату.
Акция барысында мектеп парламентінің мүшелері оқушылар мен мұғалімдерге салауатты өмір салтын насихаттайтын буклеттер таратты. Онда денсаулықты сақтау жолдары, спорттың маңыздылығы және дұрыс күн тәртібін ұстану туралы мәліметтер берілді.
Мұндай шаралар оқушылардың салауатты өмір салтына деген қызығушылығын арттырып, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді.

