Мектеп парламентінің бастамасымен «Менің болашақ мамандығым» атты сурет көрмесі өтті.
Көрменің мақсаты – оқушыларға әртүрлі мамандықтар туралы ой салу, олардың болашаққа деген армандарын бейнелеуіне мүмкіндік беру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Балалар дәрігер, мұғалім, ғарышкер, инженер, суретші және басқа да мамандықтарды сурет арқылы бейнелеп, өз қиялдарын қағаз бетіне түсірді. Әр суреттен оқушылардың арман-тілектері мен болашаққа деген ұмтылысы көрінді.
