8 наурызға арналған стенгазеттер

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында мектеп оқушылары 8 Наурыз – аналар мен ару қыздарға арналған мереке тақырыбында стенгазеттерін әзірледі.

Әр сынып өз қабырға газетін жасап, ұстаздарға, аналарға және сыныптас қыздарға жылы лебіздерін білдірді. Газеттерде әдемі суреттер, өлең жолдары мен шығармашылық құттықтаулар орын алды.

Бұл шара оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып қана қоймай, оларды алғыс білдіруге, мейірімділікке және сыйластыққа тәрбиелеуге бағытталды.

Қосымша ақпарат көздері