Жаңа жылдық стенгазеттер

Жаңа жыл – бұл сиқырлы мереке, арман мен қиялдың уақыты! Біздің оқушылар осы ерекше күнді мерекелеу үшін керемет қабырға газеттері мен қолөнер бұйымдарын дайындады.
Әр қабырға газетінде балалардың шығармашылығы, қиялы мен мерекелік көңіл-күйі көрініс тапқан. Жұмыстар тек әдемі ғана емес, сонымен қатар ерекше мағынаға толы: балалар достық пен мейірімділік туралы ойларын, жаңа жылға деген армандарын сурет пен мәтін арқылы жеткізді.
Жаңа жылдық шыршаның соңында оқушыларды ерекше тосынсыйлар күтіп тұрды – өз еңбектері үшін шағын сыйлықтар табыс етілді! Бұл баршаны қуанышқа бөледі және мерекенің нағыз сиқырлы атмосферасын жасады.

Қосымша ақпарат көздері