Мектебімізде «Адал Ұрпақ» клубының аясында «Адал және парасатты еңбектің бейнесі» атты оқушылардың сурет көрмесі ұйымдастырылды. Бұл шараның мақсаты – оқушыларға адал еңбек, әділдік және жауапкершілік құндылықтарын түсіндіру. Қатысушылар өз жұмыстарында адал еңбектің маңыздылығын бейнелеп, оны шығармашылық тұрғыдан жеткізді. Барлық суреттер мектеп қабырғасында көрмеге қойылып, көрермендерге ұсынылды.
