Астана қаласындағы «Зерделі» орталығы мен «Қызылжар дарыны» бірлесіп, ауқымды зияткерлік шара — «Алтын түлек» математика пәні бойынша олимпиаданың финалдық кезеңін ұйымдастырды!
Солтүстік Қазақстан облысының түкпір-түкпірінен келген 10–11-сыныптың 61 талантты оқушысы қатысып, өз білімдерін сынға салды. Олимпиада оқушылар үшін нағыз сынаққа айналып, болашақ ғалымдардың жоғары дайындығын көрсетті.
11 «А» сынып оқушысы, Рублевка орта мектебінің шәкірті Сасыкбаева Марал жүлделі екінші орын иеленді.
Оқушының жетекшісі — Естаулетова Бекзат Темірболатқызы.
