10.04.2025 ж. «Рублевка орта мектебі» КММ «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысты.
Акцияның мақсаты — қоғамның назарын қоршаған ортаны қорғау, еліміздегі экологиялық жағдайды жақсарту және халықтың экологиялық мәдениет деңгейін арттыру мәселелеріне аудару.
Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында мектепте аула аумағын тазарту бойынша сенбілік ұйымдастырылды.
Еңбектің нәтижесін көру — үлкен қуаныш, әркім бұл іске өз жүрек жылуын қосты.
Мектеп ауласының таза аумағы көз сүйсіндіреді, бар жерде тазалық пен әсемдік орнаған.







#біртұтас_тәрбие