Патриотизм – бұл тек сөз емес, іс-әрекет те. Бүгін біз Ұлы Отан соғысының батырлары жайлы естеліктің әрқайсымыздың жүрегімізде сақталуы үшін бір қадам жасадық.
80 жылдық Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында ескерткіш маңын тазалау бойынша экологиялық сенбілік өтті.
Біздің мектептің оқушылары мен мұғалімдері ескерткіш маңында тазалық жұмыстарын ұйымдастырды: жапырақтарды, қураған бұтақтарды жинап, қоқысты тазалады.
Ескерткішті абаттандыру – бұл соғысты бастан өткерген ұрпаққа, олардың ерлігі мен төзімділігіне көрсетілген құрмет. Бұл – болашақ ұрпақтың бейбіт аспаны үшін өмірін қиғандарға алғысымызды білдірудің бір жолы. Бұл – ауылымыздың болашағына деген қамқорлық, жас ұрпақ ата-бабаларымыздың ерлігін құрметтеп жүрсін деген ниет.
Біздің басты міндетіміз – бұл естелікті ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу. Таза ескерткіш – бұл өткенге, тарихқа деген құрмет, ал тарихсыз – болашақ жоқ.





