Ғани Бейсембаев педагог-шеберлермен жаңа білім стандарты туралы онлайн кездесу

2025 жылғы сәуірдің 17 жұлдызында Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаев Республикамыздың барлық өңірлердегі педагог-шеберлермен онлайн кездесу өткізді. Оларға көптеген үміт артты. Сонымен қатар 2025 жылының 2 мамырында берген тапсырмаларын орындау мақсатында Мемлекеттік жалпыға стандартарының ерекшеліктерін педагог-шеберлерге онлайн-семинар өткізілді.

Қазақстанда орта білім берудің жаңа мемлекеттік стандарты әзірленді. Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының қызметкерлері жаңа стандартқа сай мектептердегі оқу жоспары қалай өзгеретінін айтып берді. Жаңа мемлекеттік білім стандарты қазақ мектептеріне 2026-2027 оқу жылынан бастап енгізіледі.

Жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу кезінде өткен курс өзгеріссіз қалады. Жалпы, оқытудың пәндері мен тәсілдері түбегейлі өзгермейді. Қазіргі уақытта оқушыларда жүктеме көп, сол себептен бағдарламаны  өзгертуге тура келді.

“Тәрбие жұмысына деген көзқарас та өзгертілді. Мемлекет басшысы өткен Ұлттық құрылтайда бірқатар құндылықтарға тоқталған еді. Оның ішінде тәуелсіздік пен отансүйгіштік, бірлік пен ынтымақ, әділдік пен жауапкершілік, құқық тәртібі бар. Сондай-ақ патриоттық тәрбие элементтерін оқу үрдісіне тікелей енгізіп, бағдарламалар мен пәндерге қосылады. Біраз пәндер көптілде жүргізілмек, ал география, тарих пәндері мемлекеттік тілде өткізілмек. Бағалауға тоқталатын болсақ, бұл бағытта да өзгерістер бар.  Орташа балл (GPA) —  әріптік бағаларыңызға негізделген орташа балл. Әрбір әріптік бағаға әр оқу орныңыздың масштабына байланысты 0-4 немесе 5 балл аралығындағы сандық мән беріледі.

   Енді педагог-шеберлер бүгінгі естіген жаңалықтарды өз өңірінде мұғалім қауымымен талқылау қажет. Осы жаңалықтардың барлығы жас ұрпақты тәрбиелеуде оң нәтиже береді деп үміттенемін. Сондай-ақ ол Қазақстанның дамуына өз үлесін қосатынына сенемін.

«Рублевка орта мектебі» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-шебер Шарипов К.К.

Қосымша ақпарат көздері