2025 жылғы 29 сәуірде Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығында «Әке болу – баланың бақытының қайнары» тақырыбында ата-аналарға арналған сабақ өтті. Сабақты өткізген – Шарипов К.К.
Мақсаты:
Ата-аналарға әке болудың мәні мен мазмұнын, оның саналы әрі тиімді ата-ана болудағы маңызын түсінуге көмектесу және өз мінез-құлқын түзету мүмкіндіктерін көрсету.
Міндеттері:
- Әке болуды — баланы бақытты етуге көмектесетін, өзін-өзі дамытуға жол ашатын жауапты өмір кезеңі ретінде түсінуге ықпал ету;
- Әкелерді отбасындағы беделін арттыру жолдарын іздеуге ынталандыру;
- Күрделі өмірлік жағдайларда шығармашылық шешім қабылдау дағдыларын дамыту.
Күтілетін нәтижелер:
Ата-аналар:
- Әке болудың бала бақыты үшін қандай мүмкіндіктер беретінін түсінеді;
- Отбасындағы өз беделін нығайту жолдарын іздеуге ынталанады;
- Күрделі өмірлік жағдайларда шығармашылық шешім қабылдау дағдыларын дамытады.
