«Халық бірлігі – ұлы күш» атты мерекелік іс-шара

Қазақстан халқының бірлігі күні – ең ерекше мемлекеттік мерекелердің бірі. Бұл мереке полиэтносты әрі көпұлтты, бірақ бәрімізге ортақ туған елімізде өмір сүріп жатқан біз үшін аса қымбат. Ол – бейбіт өмір үшін аса қажет татулық, достық, түсіністік пен келісім идеяларын бейнелейтін маңызды мейрам. Қазақстан деген үлкен отбасының құрамына 150-ден астам ұлт пен ұлыс кіреді. Әр ұлттың өзіндік ерекшелігі бар, әрқайсысы ортақ істер мен жетістіктерге өз үлесін қосады. Бірақ бәрі бірігіп – біртұтас тату халықты құрайды.

Бүгін Рублевка ауылдық Мәдениет үйінде Қазақстан халқының бірлігі күніне орай КММ «Рублевка орта мектебі» педагогтары мен оқушылары және Аралагаш ауылдық округі әкімдігі бірлесе отырып «Достық дәмі» ұлттық тағамдар фестивалі өтті. Фестиваль барысында түрлі этностардың өкілдері өздерінің ұлттық дәстүрлі тағамдарының көрмесін ұсынды. Қазақтың құрт пен бауырсағы, орыстың қызыл уылдырықпен берілген құймағы мен каравайы, татардың бәліші, өчпочмагы, чәк-чәк пен кыстыбыиі, удмурттың тұшпарасы – міне, бұл көрмеден көруге болатын тағамдардың бір парасы ғана. Қонақтар бұл тағамдарды көріп қана қоймай, олардың дайындалу құпияларымен танысып, дәм татып көруге де мүмкіндік алды.

Мереке өте қызықты, көңілді өтті – ән мен би, көтеріңкі көңіл күй болды. Фестиваль соңында барлық ұлт өкілдері өз тағамдарын мұғалімдерге, оқушыларға және келген қонақтарға тарту етті.

Құрметті Аққайың ауданының тұрғындары!
Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күні – ең ізгі әрі шуақты мерекелердің бірімен шын жүректен құттықтаймыз!
Барша қазақстандықтарға зор денсаулық, амандық, аспандарыңыз ашық, үйлеріңізге бақ-береке тілейміз!

Қосымша ақпарат көздері