«Рублевка орта мектебі» КММ бойынша Психологиялық денсаулықтың бірыңғай күніне орай өткізілген іс-шара туралы ақпарат
«Отбасыдан басталатын бейбіт өмір» ақпараттық-ағартушылық науқаны аясында ұйымдастырылған «Тірек нүктесі» атты психологиялық тренинг
Мақсаты:
Жасөспірімдерді күйзелісті жағдайлардан шығу дағдыларына үйрету және эмоциялық тұрақтылығын дамыту.
Тренингтің міндеттері:
- Өзін-өзі реттеу және саналы болу дағдыларын қалыптастыру.
- Қолдау ресурстарын табу және пайдалану қабілетін дамыту.
- Өзін-өзі бағалауды және өз күшіне деген сенімділікті арттыру.
- Мәселелі жағдайларды талдау және оларды конструктивті шешу дағдыларын қалыптастыру.
Тренинг 2025 жылғы 5 мамырда мектеп психологы Галиуллина А.Т.-ның ұйымдастыруымен 5–11 сынып оқушылары арасында өткізілді.
Психологиялық сағат барысында оқушылар «Есім және эмоция», «Менің ресурстарым», «Метеорологиялық карта», «Өзіме хат» сияқты жаттығулармен танысты.
Жаттығулардың көмегімен оқушылар өз эмоцияларын ашық білдіріп, бір-бірімен жылы қарым-қатынасқа біртіндеп көшті.
Сондай-ақ, «Жақын доспен ренжісу», «Емтихан алдындағы қорқыныш», «Жалғыздық сезімі» сияқты шынайы жағдайлар мен кейстер талқыланды.










