2025 жылғы 16 мамыр күні КММ «Рублевка орта мектебінде» қорытынды жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста мектеп директоры Закирина А.М. сөз сөйлеп, оқу үлгерімінің қорытындысын шығарды, жазғы жоспарлармен бөлісіп, келесі сыныпқа сәтті көшу үшін ұсыныстар айтты.
Оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Генцель К.Ф. оқушылардың жетістіктері, олимпиадаларға, байқауларға, спорттық іс-шараларға қатысуы туралы баяндады.
Риниза Рафисовна оқушылардың сырт келбеті ұқыпты болуы, мектеп формасы оқу процесіне сай келуі тиіс екенін атап өтті. Ата-аналарға оқушылардың киімі мен сырт келбетіне қойылатын талаптар таныстырылды.
Жиналыстың басты тақырыбы – мектеп пен ата-аналар қауымдастығының балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы бірлескен әрекеттері болды, әсіресе жазғы демалыс кезеңінде.
Төмендегі мәселелер қаралды:
- жарақаттанудың алдын алу,
- жол-көлік оқиғаларының алдын алу және балаларға жол жүру ережелерін сақтау дағдыларын қалыптастыру,
- интернет желісін қауіпсіз пайдалану және т.б.
Габидуллин Д.К. кәмелетке толмаған балалардың су айдындарында қараусыз қалмауы, жолда қауіпсіздік ережелерін сақтау және интернеттегі қауіпсіздік туралы айтты.
Хайретдинова Р.Р. ата-аналарды балаларға бақылауды күшейтуге шақырып, кәмелетке толмағандардың алкоголь мен есірткі заттарын қолдануының зияны, кешкі және түнгі уақытта балалардың үлкендердің қарауынсыз көшеде және қоғамдық орындарда жүруіне жол берілмейтінін еске салды.
Жазғы демалыс – балалардың денсаулығын нығайтып, шынығып, ұзақ оқу жылынан кейін күш жинауына арналған уақыт. Сондықтан балалардың демалысы қауіпсіз әрі қызықты өтуі тиіс.
Жиналыс соңында мектеп өміріне белсене араласып, сынып бастамаларын қолдап, балаларға жауапкершілікпен қараған ата-аналар марапатталды.
Жыл бойғы белсенділігі мен ынтымақтастығы үшін барлық ата-аналарға алғыс білдіреміз! Алда – жаз! Ол қауіпсіз, жарқын және пайдалы болсын!















