Кәсіби мерекелер жоспарына сәйкес Рублевка ОМ жоғары сынып оқушыларымен іс-шара өткізілді!

Кәсіби мерекелер жоспарына сәйкес, 2024 жылдың 25 қаңтарында Аралағаш ауылдық округі Рублевка орта мектебінде «Ұлттық ұлан офицері болғым келеді» және ««Қазақстан Республикасының оқу орындарында және әскердегі қызмет», тақырыптарында Рублевка ОМ жоғары сынып оқушыларымен іс-шара өткізілді. Іс-шараны Аққайың АМҮ, Аққайың аудандық қорғаныс бөлімі, Аралағаш АК және «Рублевка орта мектебі» КММ бірлесіп өткізді. Аққайың аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, майор Ерденов Мереке Скендірұлы оқушыларға Ұлттық ұлан қатарында қызмет ету және әскери оқу орындарында білім алу туралы жан-жақты түсіндіріп, хабардар етіп, оқуға түсуге көмектесуді ұсынды. АМҮ әдіскері Нұрмағамбетова Бикен Исмағзамқызы әскерилердің өмірі мен мамандығындағы байыпты таңдаудың маңыздылығына тоқталды. Аралағаш а/о әкімі Бабақов Қайрат Ахметұлы әскери жоғары оқу орындарында білім алудың артықшылықтарымен бөлісті. «Рублевка ОМ» КММ педагог-ұйымдастырушысы Ғабидуллин Дәурен Құрманбайұлы әскери жоғары оқу орындарына түсіп, баяқтап, Қазақстандағы әскери бөлімдерде жемісті еңбек етіп жүрген мектеп түлектері туралы айтты. Әңгіме барысында оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, кейбір жасөспірімдер жоғары оқу орындарына түсу кезіндегі таңдауларымен бөлісті. Іс- шара соңында шараны ұйымдастырушыларға арнаған 10-сынып оқушысы Рақымгерей Айқынның алғыс сөздерін есту өте қуанышты болды.

Қосымша ақпарат көздері