#біртұтас_тәрбие
2024 жылдың 1 тамызында жыл сайынғы республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы басталды. «Рублевска орта мектебі» КММ «Қайырымды қолдар» акциясын өткізуде. Мектеп мұқтаж отбасыларға көмек көрсету үшін кеңсе тауарларын алатын контейнер орнатты.
Сонымен қатар, мектепке дайындыққа көмек көрсету үшін демеушілер, кәсіпорын басшылары мен шаруашылық субъектілерін тарту жұмыстары жүргізілуде. Айта кетейік, республикалық акция ағымдағы жылдың 1 тамызынан 30 қыркүйекке дейін жалғасады.
Сіздердің назарларыңызға салып, жыл сайынғы республикалық «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» қайырымдылық акциясына қатысуларыңызды сұраймыз. Оның барысында балаларын мектепке жеткізу қиынға соғатын мұқтаж отбасыларға көмек көрсетуге болады. Көмек мектебіміздің оқушыларына кеңсе тауарлары, киім-кешек, аяқ киім түрінде берілуі мүмкін.
Балаларды мектепке дайындауға көмектесемін деушілер мына мекен-жайға хабарласа алады: Рублевка селосы, Конституция 61 көшесі