#Біртұтас_тәрбие
2024 жылдың 6 қыркүйегінде Рублевская орта мектебінде Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған «Тіл-мемлекеттің тұғырлы тірегі» атты сынып сағаты өтті. Бұл мереке қазақ ағартушысы, тіл маманы, әдебиеттанушы, ақын, публицист, аудармашы, қоғам қайраткері А.Байтұрсынұлының туған күніне арналған.
Іс-шараның мақсаты: халықтың мәдени мұрасын зерделеу арқылы білімге, тіл үйренуге деген қызығушылықты ояту, патриоттық сезімді қалыптастыру.
Сынып сағатына 6 «б» сынып оқушылары белсене қатысты, олар Қазақстан халықтарының тілдері күнін мерекелеу туралы ақпарат алды, Ахмет Байтұрсынов туралы мағлұмат тыңдады. Оқушылардың назарына мемлекеттік тіл туралы бейнеролик ұсынылды.
Шығармашылық жұмыстар қызықты, көңіл көтеретін тапсырмалар түрінде ұсынылып, оқушылар оларды үлкен қызығушылықпен орындады, ал балалардың өздері ана тілі туралы өлең айтып, қазақ тілі, тарихы, әдебиеті бойынша білімдерін көрсетті.
Іс-шараны қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Илюбаева Б.Б.