#Біртұтас_тәрбие
2 қыркүйек күні мектебімізде «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Сынып сағатының мақсаты: Оқушылармен білімге құштарлық, отансүйгіштік, еңбексүйгіштік құндылықтарының адам өміріндегі рөлін талқылау. 1-сыныпқа арналған «Мектептегі алғашқы қадамдар», 2-4 сынып оқушылары үшін «Көңілді жазғы демалысым», 5-8 сынып оқушылары үшін «Менің саяхатым», «Туған өлкем», «Жазғы демалыста жасаған игі істерім», 9-11 сынып оқушылары үшін «Менің үлкен достарым», «Менің ойым, арманым, үмітім» тақырыбы бойынша түрлі бағытта сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарында оқушылар оқу кабинеттерімен, жаңа оқулықтармен, сыныптастарымен, мектеп ережелерімен танысты.