2024 жылдың 11 қыркүйегінде директордың тәрбие жөніндегі орынбасары «Біз терроризмге қарсымыз» тақырыбындағы әлеуметтік бейнероликтің көрсетілімін ұйымдастырды. Бейнероликті көргеннен кейін оқушылар әлемдегі терроризм мәселелерін, оның қоғам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін қызу талқылады.
Қорытындылай келе, оқушылар терроризм – діні мен ұлты жоқ зұлымдық деген ортақ пікірге келді. Әрбір адам бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге ұмтылып, төзімділік танытып, әрбір азаматтың құқығын құрметтеу керек.