26 қыркүйек күні «Рублевка орта мектебі» КММ-де орта мектеп оқушыларының ата-аналарына арналған «Жасөспірімдердің ұйқысы: оқу мен мінез-құлыққа әсері» тақырыбында АПҚО сабағы өтті.
Мақсаты: ата-аналарда жасөспірімдердің физикалық және психикалық денсаулығын сақтау факторы ретінде ұйқыға деген құндылық көзқарасты дамыту.
Міндеттері:
- жасөспірімдердің ұйқысының сапасын жақсарту үшін қолайлы жағдай жасауға ұмтылуды дамыту;
- жасөспірім балалардың танымдық белсенділігі мен мінез-құлқына ұйқының әсері туралы хабардар болуға ықпал ету;
- балалардың ұйқы сапасын жақсартуға көмектесетін практикалық дағдыларды дамыту.
Сабақ барысында ата-аналар жасөспірімдерге тән ұйқының ерекшеліктері, оның циклдері және физиологиялық процестері туралы ақпарат алды. Ата-аналармен «Ұйқы туралы мифтер мен ақиқат» интерактивті ойыны ойналды, онда ата-аналар мұғалім айтқан тезистерді талқылады.