Республика күні қарсаңында мектеп кітапханасында «Қыран елім – Қазақстан» атты кітап көрмесі өтті.
Мақсаты: Отанға деген патриоттық сезімді және мақтаныш сезімін қалыптастыру, Қазақстан Республикасының рәміздері туралы білімдерін нығайту.
Көрмеде Қазақстанның тарихы, мәдениеті мен табиғаты туралы кітаптар ұсынылды. Әңгіме барысында оқушылар Қазақстан Республикасының рәміздері мен олардың маңыздылығы туралы сұрақтарға жауап беріп, елдің көрікті жерлері туралы әңгіме тыңдады.
Көрме оқырмандарды туған жер туралы кітап оқуға, оның өткенін зерттеуге және бүгінгі күнін бағалауға шақырады.