Біз бәріміз де жұмысымыздың қызығушылықтарымызға, мүмкіндіктерімізге сай болғанын және бізге қуаныш сыйлағанын қалаймыз.
«Рублевка орта мектебі» КММ-де 9-11 сынып оқушыларымен «Мамандық әлемі және сенің орның» тақырыбында кәсіби бағдарлау әңгімесі өткізілді. Мұғалім Махиня А.В. оқушыларға мамандықтардың алуан түрлілігі мен олардың адамдар үшін маңыздылығы туралы айтып берді. Балалар профориентатормен бірге балалық шақтағы армандарын еске алып, қазіргі таңда сол мамандыққа деген қызығушылықтары сақталған-сақталмағанын талқылады.
Балалардың қандай мамандықтарға қызығатынын талдай келе, оқушылар мамандық таңдауына әсер ететін факторларды анықтады. Іс-шара барысында олар жаңа және заманауи мамандықтар туралы біліп, еңбек туралы мақал-мәтелдерді еске түсіріп, ата-аналарының мамандықтары жайлы әңгімеледі.
Дұрыс мамандық таңдау – өмірлік табыстың негізі.
Жасөспірімнің өмір жолын дұрыс таңдауы үшін оған ата-аналарының, мұғалімдердің және, әрине, білімнің басты қазынасы саналатын кітапхананың көмегі қажет.