25 қараша «Рублевка орта мектебі» КММ 5-11 сынып оқушыларымен «Энергия үнемдеу саласындағы инновациялық технологиялар» тақырыбына сынып сағаты өткізілді.
Максаты:
1. Оқушыларға энергия оның түрлері туралы түсінік беру арқылы ой-өрісін кеңейту, білімін шыңдау;
2. Aдам өміріне қажеттілігі мен тиімділігі жайында әңгіме жүргізу;
3. Энергия көзін қолдана білумен қатар үнемдеу керектігін ұқтыру.
Сабақ барысында оқушылар құпияларды ашу жолында түрлі кедергілерден өтті.
Әр кедергі бізге нені ұқтырды және үйретті?
Құпияны ашу арқылы біз нені білдік?
Энергия сөзі, оның түрлері туралы білімге ие болдық.
Энергияның жаңартылған энергия көздерінің түрлері, энергияның жаңаша, табиғатқа зиянсыз өндіру жолдарымен таныстық.
Энергияда табиғат байлықтары сияқты үнемдеуді қажет ететінін, үнемдеудің қарапайым жолдарымен таныстық.
Энергия көздерін пайдалану барысында өмір қауіпсіздік ережелерін бұлжытпай орындау керек екендігін ұқтық.