«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жоспарына сай «Қоғамдық тәртіп негіздері» тақырыбында пікірталас практикумы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға қоғамдық тәртіптің маңыздылығын және оны сақтау үшін әр адамның жеке жауапкершілігін түсіндіру.
Практикум аясында қатысушылар келесі маңызды сұрақтарды талқылады:
- «Құқық бұзушылыққа нөлдік төзімділік» дегеніміз не және қоғамның тәртіпсіздікке көз жұмбау мәдениетін қалыптастыру неге маңызды?
- Сыбайлас жемқорлық қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді қалай бұзады және әрқайсымыз бұл құбылыспен күресу үшін не істей аламыз?
- Сыбайлас жемқорлықсыз мемлекет қандай болмақ?
Практикум әрқайсымыздан басталатын өзгерістерді түсінуге маңызды қадам болды.
