«Ата Заңым – ардағым» сынып сағаты

«Рублевка орта мектебі» КММ-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттау және дұрыс қолдану бойынша жұмыстар жалғасуда. 2024-2025 оқу жылы аясында патриотизм мен мемлекеттік рәміздерге құрмет сезімін қалыптастыру мақсатында түрлі сынып сағаттары, кездесулер мен байқаулар өткізіледі.

📌 Солардың бірі – 1 «А» сыныбында өткен «Ата Заңым – ардағым» сынып сағаты. Оқушылар Қазақстан Республикасының Конституциясының негізгі қағидаларымен танысып, мемлекеттік рәміздердің маңыздылығы мен олардың әрбір азаматтың өміріндегі рөлін түсінді.

Мемлекеттік рәміздер – еліміздің тәуелсіздігі мен мақтанышы! Біз өскелең ұрпақты тарихымызды, мәдениетімізді және Қазақстанның дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелейміз!

Қосымша ақпарат көздері