«Отбасылық үйлесімділіктің кілті – сенімді қарым-қатынас» тақырыбында АПҚО сабағы

2025 жылғы 25 қаңтарда 1 «А» сыныбында АПҚО бойынша сабақ өтті.
Сабақ тақырыбы: Отбасылық үйлесімділіктің кілті – сенімді қарым-қатынас.

Талқыланған мәселелер:

  1. Сенімді қарым-қатынас – бақытты отбасылық қатынастардың негізі.
  2. Сенімді қарым-қатынастың негізгі қағидалары мен факторлары.
  3. Сенімсіздік, жалған сенім, шынайы сенім. Кейстерді талдау. Сенімсіздіктің теріс салдары.

Баламен табысты сенімді қарым-қатынас орнату үшін ата-аналарға арналған негізгі дағдылар мен практикалық кеңестер.

Мақсаты: Ата-аналардың балалармен сенімді қарым-қатынас орнату арқылы отбасылық үйлесімділікке жету жолдары туралы түсініктерін қалыптастыру.

Сабағымыздың соңында айтарымыз, ата-ана мен бала арасындағы сенім – барлық қарым-қатынастардың іргетасы. Бұл – баланың өзін қауіпсіз сезінуінің, ішкі жан дүниесін бөлісе алу мүмкіндігінің, эмоционалды қолдау тауып, қиын сәтте көмек сұрай алу қабілетінің негізі.

#Біртұтас_тәрбие

Қосымша ақпарат көздері