«Жақсылыққа жол» атты сурет көрмесі

Мектебімізде мектеп парламентінің бастамасымен «Жақсылыққа жол» атты сурет көрмесі өтті. Бұл іс-шара мектеп парламентінің ұйымдастыруымен өткізіліп, оқушыларды мейірімділікке, ізгілікке және адамгершілікке тәрбиелеуге бағытталды.

Көрменің мақсаты – балаларға жақсылықтың, достықтың және көмектесудің маңыздылығын түсіндіру, сондай-ақ олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Оқушылар өз суреттерінде жақсылық пен қайырымдылықтың түрлі көріністерін бейнелеп, өзгелерге шабыт сыйлады. Көрмеге қойылған жұмыстардың әрқайсысы мейірімділік пен жылулыққа толы болды.

Қосымша ақпарат көздері