«Сынып басшысын сайлау» сюжеттік-рөлдік ойыны

Біздің мектебімізде «Адал Ұрпақ» клубының жұмысы аясында 4-сынып оқушылары арасында «Сынып басшысын сайлау» тақырыбында сайлау өтті. Бұл шара оқушыларға сайлау процесін тәжірибе жүзінде үйренуге, әділдік пен жауапкершілік сезімін қалыптастыруға мүмкіндік берді.

🔹 Сайлау кезеңдері:
✅ Кандидаттардың өзін-өзі таныстыруы
✅ Үгіт-насихат жұмыстары
✅ Дауыс беру
✅ Дауыс санау және жеңімпазды анықтау

Сайлау толықтай әділ және ашық өтті. Барлық оқушылар белсенді қатысып, өз таңдауларын жасады. Нәтижесінде сыныптың жаңа басшысы сайланды!

Қосымша ақпарат көздері