«Жақсылық гүлінің құпиясы» атты қойылым

Мектебімізде «Адал Ұрпақ» клубының аясында 2-сынып оқушыларының қатысуымен «Жақсылық гүлінің құпиясы» атты театрлық қойылым өтті. Бақа, Арыстан, Мысық және Күшік рөлдерін сомдаған балалар адалдық, әділдік, жауапкершілік пен мейірімділік сияқты қасиеттердің маңыздылығын көрсетті. Қойылым барысында олар түрлі сынақтардан өтіп, нағыз адами құндылықтарды меңгерді. Бұл шара кішкентай көрермендерге ізгілік пен достықтың маңызын ұғындыруға көмектесті.

Қосымша ақпарат көздері