Әскери әндерге арналған инсценировка байқауы

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында, 2025 жылдың 9 сәуірінде аудандық әскери әндер инсценировкасы байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты – оқушылардың патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, соғыс жылдарындағы әндерге назар аударту болды.

Мектеп оқушылары әскери-патриоттық әндерге театрландырылған қойылымдар дайындады. Сахнада соғыс жылдарының көріністері жаңғырып, әсерлі әндер шырқалды. Барлық мектептер бұл шараға аса жауапкершілікпен қарады. Оқушылардың өнері шынайылықпен ерекшеленіп, балалар мен ересектердің жүректерін тебірентті.

Аудан бойынша бес мектеп жеңімпаз атанды:
үшінші орынды – Тюменка негізгі мектебі мен Қиялы орта мектебі,
екінші орынды – Рублевка орта мектебі мен Ленин орта мектебі,
жүлделі бірінші орынды – Полтавка орта мектебі иеленді.
Осы шараға қатысқан барлық қатысушылар мен ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз! 

#Біртұтас_тәрбие

Қосымша ақпарат көздері